Бөбекжай туралы

«Алтын сақа» бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қаржан елді мекені  Ж.Жұматаев  №16 А көшесінде ғимаратта орналасқан. Балабақшамыз келешекте ел басқарар, жер суына иелік етер, еліне халқын гүлдендірер, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. «Алтын сақа» бөбекжай балабақшасы МКҚК типттік  2012жылдың ақпан  айыннан  бастап 4 топта 25 баладан 100 баламен  іске қосылып, оқу тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Жаңа үлгідегі  типттік ғимаратта орналасқан. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері бар. 2013 жылдың  сәуір айынан бастап балабақшамыз конкурсқа қатысып, 30 бала қосылып 130 баламен жұмыс жүргізіп келеміз. Балабақшамыздың қуаттылығы 150 орындық. Балабақшада 130 бала тәрбиеленіп, 6 топпен 12 тәрбиеші жұмыс атқарып келеді. Балабақшамызда білікті де білімді педагогтарымыз жұмыс атқаруда. Оқу тәрбие үрдісіне 16 педагог мамандарымен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі-16. Аумағы түгел қоршалған, аула өсімдіктермен толық көгалдандырылған.Ойын және серуендеу үшін бөбекжай аумағы қоршалған, бөлмелерді функционалды  аймақтарға бөліп, оларды бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен  жабдықталған. Үш реттік теңестірілген балаларға арналған арнайы ас мәзірді ұсынады.

Балабақшамызда  жас ерекшелігіне байланысты   кіші топ «Айгөлек» тобы, ортаңғы топ «Балауса» және «Жауқазын» топ, ересек «Құлыншақ» ,мектеп алды даярлық «Ақ бота», «Балапан» топтары бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері,ойын-тамақтану, әжетхана-жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті, музыка залы,мед бике,психолог кабинаттері орналасқан. Балабақшаның ғимаратында ас блогы мен кір жуу бөлмесі қойма орналасқан.Топтар қажетті жабдықтармен, көрнекі оқу құралдармен жабдықталған. Санитарлық-гигеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары заласыздандыру заттарын қолдана отырап   күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі.

«Алтын сақа» бөбекжай балабақшамызда оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарын басшылыққа алып жұмыс жасауда. Балабақшамыз мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысын 1-5 жас аралығында жасөспірімдер арасында іске асырады және олардың денсаулығы қорғауды  қамтамасыз ете отырып, жеке ерекшеліктерін дамытады. 5 жастан бастап   балалардың мектеп алды даярлық  тобының жалпы білім беру бағдарламасына сай жүргізіледі. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымның теориялық  деңгейін көтеру мақсатында бір жылға іс-шара кестесі құрылған. Барлық топтарды баланың жас ерекшелігіне қарай топтастырып бөлінген. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған түрлі материалдары мен көрнекілік құралдары баланың жасына сай жасалған. Топтарға қазіргі білім беру стандарттына оқыту жүйелері қарастырылған. Балабақша бес күн бойы жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі күндері демалыс. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгіде  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  негізігі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып,оның дәлелдігі тексеріліп медбике қадағалап отырады.Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірін ұйымдастырылуын қадағалап бақылау жүргізіліп отырып және оған талдау жасалады. Балабақшада балалармен жүргізілетін оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада жұмыс барысын реттейтін келісім шарт түзілген:

  • Ұжымдық шарт
  • Басшымен келісім шарт
  • Ата-аналармен келісім шарт

Балабақшамыздың педагагтары жоғары білімді мамандықтарды балабақшаға сай келгендіктен жұмысқа қабылданады. Балабақшада тәрбиешілер балаларға білім беруді аянбай еңбек етуде. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жаңартылған бағдарлама бойынша осы оқу жылының басынан бастап бастап жұмыс жүргізіп келеді. Алты топта шығармашылық тақырыптармен жұмыс жасайды. Карантин талаптарына байланысты балабақшамызға кіру үшін ASHYO қосымшасы орнатылған.